Рус Qaz Eng
Жоба туралы

«Rakhat Qazaqstan óneri» – өмірді сүю, қадірлеу және әрбір сәттен әсер алу өнері!

Қазақстанның бай, қазіргі заманғы мәдениетімен таныстыру, қазақ өнерінің айрықша көркемдік стилін танып-білуге құштарландыру мақсатында «РАХАТ»® «Art Future» компаниясымен бірге «Rakhat Qazaqstan óneri» атты жаңа жобаны жүзеге асырды.

Біздің міндетіміз — еліміздің мәдени дамуына және дарынды тұлғаларға қолдау көрсету.

Біз Сіздерге көркем безендірілген «РАХАТ»® өнімдер топтамасын ұсынамыз. Әр автордың өзгеше, өзіндік қолтаңбасы, көзқарасы мен эстетикалық талғамы бар. Олар жасы мен тәжірибесі жағынан да ерекше. Дегенмен, оларды үндестік, үйлесімдік, суреттеу тәсілі, айшықтау мәнері, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін жаңа қырынан бейнелеу сияқты ортақ мақсат біріктіретіні сөзсіз.

Жоба туралы
Өнімдер

Өзгеше, бірегей кәмпиттерден құралған жиынтық, сыйлық жиынтығын трюфель салмасынан, жаңғақ қосылған нәзік пралинеден, шоколад глазурі жалатылған мармелад пен ақ глазурьлі крем-брюледен жасалған, премиум санатындағы кәмпиттер құрайды.

Олардың тіл үйірер дәмі сізді рақатқа бөлеп, әр күніңізді мерекеге айналдырады.

Дәм татып отырып-ақ Қазақстан суретшілерінің туындыларымен танысуға болады.

Шоколад кәмпиттер жиынтығы «Поздравляю!»

Помада салмасы бар, дәмі айрықша шоколад кәмпиттер жиынтығы сізге мерекелік көңіл-күй сыйлап, кез келген дастарханды ажарландыра түседі.

Ерекше қаптамадан жайлылық пен жылулықтың, қазақылықтың лебін сезесіз.

Шоколад кәмпиттер жиынтығы «Құттықтаймыз!»

Салмасы бар, ерекше шоколад кәмпиттерден құралған шағын жиынтық. Олардың әр қилы дәмі айрықша шаттыққа бөлейді.

Суретті қаптама қазіргі Қазақстан өнері әлеміне бастай жөнеледі.

Шоколад кәмпиттер жиынтығы «Рандеву»

Бәрімізге бұрыннан таныс, сапасы мен дәмі айрықша,көпшілікке ұнайтын «Казахстанский» шоколады.

Көркем безендірілген әрбір қаптама қазіргі заманғы бейнелеу өнерінен хабар береді.

Сүйікті «Казахстанский» шоколады
Суретшілер

Асқар Есдәулет
@esdaulet_art

Суретшілер одағының мүшесі, туындылары халықаралық және жергілікті көрмелерге қойылған қазақстандық белгілі мүсінші және суретші.

Шебердің «Млечный путь», «Степные» деп аталатын шығармаларымен «Поздравляю» және «Рандеву» сыйлық жиынтықтары безендірілсе, «Август» картинасы «Казахстанский» тақта шоколадынан орын табады.

Ержан Танай
@tanai_tigrohaud

Павлодар мен Қостанай қалаларындағы ғимараттардың қасбетіне салынған атақты стрит-арт стиліндегі Абай Құнанбаев портреттерінің авторы, «РАХАТ» өнімдерін әрлеу үшін өзінің «Праздник» және «Мозаика» атты сандық суреттерін сыйлайды.

2019 жылғы бұл туындылары Қазақстанның түрлі қалаларындағы ғимараттардың қабырғаларына тұтастай салынған.

Ғалия мен Бота Құсайыновалар
@gabokz

Апалы-сіңілілі Ғалия мен Бота Құсайыновалар (апалы-сіңілілі GaBo) «Құттықтаймыз!» кәмпиттер жиынтығы үшін «Праздничный дастархан» және «Счастливая семья» атты туындыларын ұсынады. Көптеген қазақстандықтар республикалық биенналда, фестивальдар мен көрмелерде, сонымен қатар GaBo дуэтінің авторлық орамалдарында жиі кездесетін апалы-сіңілілердің өзіндік мәнерін таниды.

Қазақстан дәстүрлеріне негізделген өз еңбектерінде олар түрлі әдістерді шебер қолданады.

Оразбек Есенбаев
@oesenbaev

суретші-живописьші, Суретшілер одағының мүшесі, жас суретшілердің тәлімгері, «жібек матадағы қаламсап» авторлық техникасымен белгілі.

«Казахстанский» тақта шоколады орамы қайта безендірілетін, қазақ мәдениетіндегі құндылықтардың алмасу заңдылығын сипаттайтын «Три уровня» атты еңбегінде дәстүрлі әдет-ғұрыптар бейнеленген. Тігінен тартылған кенепте суретші адамдар мен тұрмыс құралдарының мәнін түрлі деңгейде аша отырып, шеңбер пішініндегі киіз үйді шеберлікпен көрсетеді.

Шығармасы 2019 жылы «Esentai Gallery» алаңындағы «Тройная память» жеке көрмесіне қойылды.

Арыстанбек Шалбаев
@arystanbekshalbayev

қазақстандық белгілі суретші, әйгілі «Қызыл Трактор» арт-тобына қатысушы. Шалбаевтың авторлығындағы «Шыңғысхан» триптихі «Казахстанский» шоколадына көрік береді.

Суретшінің бұл жұмысы халықаралық көрмелерге, соның ішінде 2018 жылы Нью-Йоркте «Ой-жинақ: Тарих толғамы» тақырыбында өткен ретроспективті көрмеге қойылған.

Қазақбай Әжібекұлы
@azhibekulyart

белгілі суретші, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, «Девушка в чалме» туындысын ұсынады. Оның живописі ірі бояу нақыштарымен және қанық түстерімен ерекшеленеді.

PR