Компания туралы
«Rakhat Qazaqstan óneri» – өмірді сүю, қадірлеу және әрбір сәттен әсер алу өнері!

«ЛОТТЕ Рахат»АҚ  «Rakhat Qazaqstan óneri»  бірегей жобасын ұсынады, оның мақсаты Сізді Қазақстанның бай заманауи мәдениетімен таныстыру, қазақстандық өнер мен қайталанбас көркемдік стильді зерттеуге шабыттандыру. 

«Qazaqstan óneri 2022» байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары. Жақында күтіңіз!

Біздің міндетіміз — еліміздің мәдени дамуына және дарынды тұлғаларға қолдау көрсету. 

Біз Сіздерге көркем безендірілген «РАХАТ»® өнімдер топтамасын ұсынамыз. Әр автордың өзгеше, өзіндік қолтаңбасы, көзқарасы мен эстетикалық талғамы бар. Олар жасы мен тәжірибесі жағынан да ерекше. Дегенмен, оларды үндестік, үйлесімдік, суреттеу тәсілі, айшықтау мәнері, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін жаңа қырынан бейнелеу сияқты ортақ мақсат біріктіретіні сөзсіз.

Image
БАЙҚАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
"Рахат 80 жыл!" байқауының жеңімпаздарымен таныстырмақпыз:
1 КЕЗЕҢ
Қазылар алқасының дауысқа салуының бірінші кезеңі бойынша:
Жанна Бектасова
Балжан Балташева
Диана Хаджимуратова
Айнур Бейсенова
2 КЕЗЕҢ
«Көрермендер көзайымы сыйлығының» екінші кезеңінің жеңімпазы:
Айым Усен
Дауыс беруге 3990 адам қатысты. Қатысушыларға қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Және байқауға қатысушыларға шексіз алғыс айта отырып, шығармашылық шабыт тілейміз!
ӨНІМДЕР
270 г
“Құттықтаймыз!” шоколад кәмпиттер жиынтығы.
Құрамы

Помада  салмасы бар, дәмі тіл үйіретін шоколад кәмпиттер жиынтығы  мерекелік көңіл-күй сыйлап, кез келген дастарханға көрік береді. 

Қазақстанның  қазіргі заманғы  өнерінің  сан алуандығын  паш ететін, «ЛОТТЕ Рахат» компаниясының  80 жылдығына  орай шығарылған айрықша қаптама.

Image
235 г
“Рандеву” шоколад кәмпиттер жиынтығы.
Құрамы

Салмалары бар, дәмді  шоколад  кәмпиттердің  шағын  жиынтығы.  Олардың  таң қалдырар түрлі  дәмі  Сізді тамсандыра түседі. 

«ЛОТТЕ Рахат» АҚ  80 жылдығына  арналған  иллюстрациялы қаптама Қазақстанның  қазіргі  өнер әлемінен  сыр шертеді.

Image
Image
СУРЕТШІЛЕР QO
Асқар Есдәулет
@esdaulet_art

Суретшілер одағының мүшесі, туындылары халықаралық және жергілікті көрмелерге қойылған қазақстандық белгілі мүсінші және суретші. 

Шебердің «Млечный путь», «Степные» деп аталатын шығармаларымен «Поздравляю» және «Рандеву» сыйлық жиынтықтары безендірілсе, «Август» картинасы «Казахстанский» тақта шоколадынан орын табады.

Image
Ержан Танай
@tanai_tigrohaud

Павлодар мен Қостанай қалаларындағы ғимараттардың қасбетіне салынған атақты стрит-арт стиліндегі Абай Құнанбаев портреттерінің авторы, «РАХАТ» өнімдерін әрлеу үшін өзінің «Праздник» және «Мозаика» атты сандық суреттерін сыйлайды. 

2019 жылғы бұл туындылары Қазақстанның түрлі қалаларындағы ғимараттардың қабырғаларына тұтастай салынған.

Image
Ғалия мен Бота Құсайыновалар
@gabokz

Апалы-сіңілілі Ғалия мен Бота Құсайыновалар (апалы-сіңілілі GaBo) «Құттықтаймыз!» кәмпиттер жиынтығы үшін «Праздничный дастархан» және «Счастливая семья» атты туындыларын ұсынады. Көптеген қазақстандықтар республикалық биенналда, фестивальдар мен көрмелерде, сонымен қатар GaBo дуэтінің авторлық орамалдарында жиі кездесетін апалы-сіңілілердің өзіндік мәнерін таниды. 

Қазақстан дәстүрлеріне негізделген өз еңбектерінде олар түрлі әдістерді шебер қолданады.

Image
Оразбек Есенбаев
@oesenbaev

суретші-живописьші, Суретшілер одағының мүшесі, жас суретшілердің тәлімгері, «жібек матадағы қаламсап» авторлық техникасымен белгілі. 

«Казахстанский» тақта шоколады орамы қайта безендірілетін, қазақ мәдениетіндегі құндылықтардың алмасу заңдылығын сипаттайтын «Три уровня» атты еңбегінде дәстүрлі әдет-ғұрыптар бейнеленген. Тігінен тартылған кенепте суретші адамдар мен тұрмыс құралдарының мәнін түрлі деңгейде аша отырып, шеңбер пішініндегі киіз үйді шеберлікпен көрсетеді. 

Шығармасы 2019 жылы «Esentai Gallery» алаңындағы «Тройная память» жеке көрмесіне қойылды.

Image
Арыстанбек Шалбаев
@arystanbekshalbayev

қазақстандық белгілі суретші, әйгілі «Қызыл Трактор» арт-тобына қатысушы. Шалбаевтың авторлығындағы «Шыңғысхан» триптихі «Казахстанский» шоколадына көрік береді. 

Суретшінің бұл жұмысы халықаралық көрмелерге, соның ішінде 2018 жылы Нью-Йоркте «Ой-жинақ: Тарих толғамы» тақырыбында өткен ретроспективті көрмеге қойылған.

Image
Қазақбай Әжібекұлы
@azhibekulyart

белгілі суретші, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, «Девушка в чалме» туындысын ұсынады. Оның живописі ірі бояу нақыштарымен және қанық түстерімен ерекшеленеді.

Image
Жанна Бектасова
@suret_jan

Суретші, web-дизайнер, front-end developer, Гумилев атындағы ЕҰУ бітірген. Бала кезінен сурет салуды ұнатады, Көкшетау қаласындағы көркемсурет училищесінде оқыған. Оның картиналары айрықша, шабыттанса немесе достарының, әріптестері мен туыстарының тапсырысы бойынша сурет салады, өйткені өнерді табыс көзі деп санамайды.

Image
Балжан Жаксылык (Балташева)
@jaksylyk_art

Колледжден кейін Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА бітірген. Бес жыл жіппен сурет салу, бейнелеу техникасы бойынша жіп графикасымен айналысады. Сондай-ақ бейнетаспа операторы ретінде Қазақстанның табиғаты туралы теледидар бағдарламасын жасауға қатысады.

Image
Диана Хаджимумратова
@xdiana_art

Шымкент қаласында туған, бояу мен қарындаштан бастап, саздан мүсіндеу мен тәрелкелерді безендіруге дейінгі кез келген шығармашылық түрін ұнатады. Гитара тартады, барабан құрылғысы мен өз тобының болуын армандайды. Көркемсурет мектебін, содан соң миниатюралық кескіндеме мамандығы бойынша Қастеев атындағы колледжді бітірген. Қазіргі уақытта арт-студияда сабақ береді. Айнала - тұнған өнер және өнерсіз жан болмайтынына нық сенімді.

Image
Айнур Бейсенова
@beimoonnur

Кәсіби шығармашылықтағы алғашқы қадамын жаңа бастаған иллюстратор-фрилансер, соған қарамастан өзінің арманы мен қиялын шарықтатып, жүзеге асыруға айрықша ықыласты. Анимациялық кино режиссёрі мамандығы бойынша оқиды. «Рандеву» кәмпитін безендіретін - ғаламшардың ғажап үйлесімін паш ететін иллюстрация ғашық жандар үшін ғажайып сыйлық болады деп сенеді.

Image
Айым Усен
@aiymk0

Тараз қаласында дүниеге келген, жас суретші. Бала кезінен шығармашылыққа бет бұрып, сурет сала бастаған. Қазіргі уақытта Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінде оқиды.

Image
ЖОБАНЫҢ ТАРИХЫ
Image
«Qazaqstan óneri» – үйіңіздің жанындағы дүкен сөресіне қойылған көркемсурет галереясы.
2020
Image
Қазақстанның Qazaqstan Oneri заманауи өнерді қолдау жобасының аясында «Лотте Рахат» компаниясы мен ArtFuture платформасы Арт-резиденцияның есігін ашты.
2021
Image
«Qazaqstan óneri» – өмірді сүю, қадірлеу және әрбір сәттен әсер алу өнері!